21.09.2009, 16:13 2890

Астанада Қазақстан мен Үндістанның сыртқы саясат мекемелері арасындағы кезекті саяси консультациялар өтеді

Астанада Қазақстан мен Үндістанның сыртқы саясат мекемелері арасындағы кезекті саяси консультациялар өтеді

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы сыртқы саясат мекемелері арасындағы кезекті саяси консультациялар өтеді. Қазақстан жағын Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев, ал Үндістан делегациясын - Сыртқы істер министрінің орынбасары Нилакантан Рави басқарады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Отырыс барысында тараптар саяси диалогты нығайту, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, халықаралық аренада ықпалдасу, сондай-ақ, ҚР президенті Н.Назарбаевтың ағымдағы жылғы 23-26 қаңтарда өткен Делиге мемлекеттік сапары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланады. Күн тәртібіне екі ел арасындағы шартты-құқықтық негізді кеңейту мәселесі де енгізілді",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны