05.10.2009, 18:33 2584

Астанада Қазақстан мен Изербайжанның консулдық мәселелер жөніндегі консультациялары өтеді

Астанада Қазақстан мен Изербайжанның консулдық мәселелер жөніндегі консультациялары өтеді

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Астанада Қазақстан мен Изербайжанның консулдық мәселелер жөніндегі консультациялары өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Астанада 5-6 қазанда Қазақстан Республикасы мен Изербайжан Республикасы арасында екі ел сыртқы істер ведомстваларының консулдық қызмет басшылары қатысатын консулдық мәселелер жөніндегі консультациялар өтеді"- деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, шара барысында ҚР мен ИР азаматтары мүдделері мен құқықтарын қорғауға және екі ел аумағындағы көші-қон процесстерімен шарттық -құқықтық база аясын кеңейту мәселелері талқыланатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны