05.02.2007, 14:17 2602

Астанада Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары екі елдің ынтымақтастығы туралы мәселелерді талқылады

АСТАНА. 5-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Марат Тәжин мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэниел Салливан экономика, энергетика және инвестиция саласындағы екі жақты ынтымақтастық туралы мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз мемлекеттік департамент үшін басымдыққа жататын экономика саласындағы, сонымен қатар энергетика, инвестиция, Қазақстан экономикасын әртараптандыру әдістері саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылау барысында жақсы пікірталастар өткіздік", - деді брифингте Д. Салливан.

Сонымен қатар, ол кездесу барысында "өзара тиімді ынтымақтастық барысында АҚШ Қазақстанға қандай көмектер бере алады", деген мәселелер де талқыланды, деп қосты.

Американдық дипломат сапар аясында "былтырғы жылдың қыркүйек айында Нұрсұлтан Назарбаев пен Джордж Буштың кездесуі кезінде қозғалған мәселелерді одан әрі талқылауға арналған" бірнеше кездесулердің өтетіндігін мәлім етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны