12.09.2007, 12:46 1430

Астанада Қазақстан және Беларусь үкімет басшыларының келіссөздері басталды

Астанада Қазақстан және Беларусь үкімет басшыларының келіссөздері басталды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. АСТАНА. Астанада Қазақстан және Беларусь үкімет басшылары - Кәрім Мәсімов пен Сергей Сидорскийдің келіссөздері басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз екі ел арасындағы қарым-қатынасқа қатысты барлық мәселелерді талқылауға дайынбыз. Біз екі ел президенттерінің бағдарына сәйкес достық ықпалдастықты дамыта береміз", -деді К. Мәсімов өзінің әріптесімен кездесу барысында.

"Екі елдің экономикасы көп жағдайда бірін-бірі толықтырады. Егер Қазақстан экономикасының негізін шикізат өндіру өнеркәсібі құраса, Беларусь мемлекетінде КСРО заманынан бері өңдеу өнеркәсібі тарихи дамыған", - деді Қазақстан премьер-министрі.

Өз кезегінде Беларусь үкімет басшысы "өз сапарының басты мақсаты елдердің арасындағы ықпалдастық нүктелерін табу, соның ішінде экономика мәселелеріндегі тоқайласатын тұстарды табу" екенін атап өтті. Ол сонымен бірге бүгін Астанада Беларусь елінің ұлттық көрмесі ашылатынын , оған Беларусьтан келген 188 кәсіпорын қатысатынын хабарлады. "Біз көрменің екі жақты ынтымақтастықты дамытуда ынталандырушы факторға айналуын қалар едік", -деді С. Сидорский.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 2007-жылдың бірінші жартысында 250,1 млн долларға жеткен. 2006 жылы ол 355,3 млн долларды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны