23.06.2008, 18:58 5676

Астанада Қазақстандағы Мыңжылдық Даму Мақсаттары бойынша үшінші есептің тұсаукесері өтеді

Астанада Қазақстандағы Мыңжылдық Даму Мақсаттары бойынша үшінші есептің тұсаукесері өтеді

Астана. 23 маусым . "Қазақстан Бүгін" - Астанада Қазақстандағы Мыңжылдық Даму Мақсаттары бойынша үшінші есептің тұсаукесері өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, "Астанада 27 маусымда Қазақстан Республикасының үкіметі БҰҰ өкілдігімен бірлесіп дайындаған Қазақстандағы Мыңжылдық Даму Мақсаттары (МДМ) бойынша үшінші есебінің тұсаукесері өтеді".

"Қазақстан БҰҰ-ына мүше мемлекеттердің қатарында Мыңжылдық декларациясын қабылдап, оның мақсаттары мен есептерін жүзеге асыру міндетін мойына алған болатын",- деді ол.

Қазақстанда МДМ бойынша бірқатар міндеттер орындалған, сол себепті соңғы есептің күн тәртібі "МДМ +" бөлімін, яғни ұлттық басымдықтар мен тиісті мемлекеттік бағдарламаларды ескере отырып Қазақстан үшін дайындалған қосымша мақсаттарды қамтиды.

"Қазақстандағы Мыңжылдық Даму Мақсаттары бойынша бірінші есеп 2002 жылы шығып, Шығыс Еуропа мен ТМД елдеріндегі осы тектес есептердің алғаш нұсқасы болды. 2005 жылы шыққан екінші есеп ұлттық және аумақтық деңгейдегі МДМ жетістіктерінің сараптамасы мен бағасын қамтыды",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны