21.04.2008, 14:10 1196

Астанада Қазақстанды ЕҚЫҰ төрағалығына дайындау жұмыстары жөніндегі "достар тобының" бірінші кездесуі өтіп жатыр

Астанада Қазақстанды ЕҚЫҰ төрағалығына дайындау жұмыстары жөніндегі "достар тобының" бірінші кездесуі өтіп жатыр

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуіне байланысты дайындықтарды жасау жөніндегі "достар тобының" бірінші кездесуі өткізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мұндай кездесу ЕҚЫҰ болашақта төрағалық жасайтын Қазақстанның бейресми "достар тобын" құруға мүмкіндік береді. Біз сіздердің берген ашық, тәуелсіз кеңестеріңізге сенім білдіреміз ", - деді ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин кездесуге қатысып отырғандарға қаратып айтқан сөзінде.

"Мұндай бас қосулар ЕҚЫҰ достар мен әріптестер қоғамын құрудың жоғары мақсатын көздеуде. Бұл жеке елдердің одақтастық бірігуінен бұрын, сарапшылар арасында ресми міндеттер мен мүдделері жоқ пәтуалы пікір талас платформасын құруға бағытталған", - деп атап өтті М. Тәжин.

Министрдің айтуынша, кездесу кезінде "төрағалық тақырыбы бойынша пікірлер талқыланып, ЕҚЫҰ түрлі құрылымдары мен хатшылықты үйлестіру, серіктес ұйымдардың өзара сыртқы ықпалдастық мәселесі талқыланады".

"Біз сондай-ақ, шешімді қабылдауға қатысты процесс мәселесін талқылап, өзіміздің басымдықтарымызды жүзегу асыру және оны белгілеу бойынша бұдан бұрынғы төрағалық тәжірибесін зерттейтін боламыз", - деді ол.

СІМ айтқанындай, осындай екінші кездесу биылғы жылдың қазан айында өткізіледі.

Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны