05.10.2009, 18:10 3079

Астанада Қазақстан-Катар жоғары деңгейдегі бірлескен комиссиясының үшінші отырысы өтеді

Астанада Қазақстан-Катар жоғары деңгейдегі бірлескен комиссиясының үшінші отырысы өтеді

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Астанада Қазақстан-Катар жоғары деңгейдегі бірлескен комиссиясының үшінші отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Астана қаласында 7-9 қазанда Қазақстан тарапынан сауда және индустрия министрі Исет Исекешев, ал Катар жағынан Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік министр, Бизнес және сауда министрінің міндетін атқарушы, Халед бен Мұхаммед әл-Аттыйяның тең төрағалығымен Қазақстан-Катар жоғары деңгейдегі бірлескен комиссиясының үшінші отырысы өтеді",- деді Е.Ашықбаев.

Оның айтуынша, келіссөздер барысында екі ел арасындағы саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны