29.06.2006, 18:33 2919

Астанада Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді

БІШКЕК. 29-маусым. Kazakhstan Today. Астанада екі жақты ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 30-маусымда сарапшылар тобы, 31-маусымда Қырғызстан үкіметі өкілдерінің жетекшісі – бірінші вице-премьер Данияр Үсенов Астанаға аттанады.

Қырғызстандағы Қазақстан елшілігінің түсініктемесіне сәйкес, 1-2-шілдеде сарапшылар деңгейіндегі кездесу, ал 3-шілдеде үкіметаралық комиссияның отырысы өтеді.
Тараптар көлік, сауда, туризм, ауылшаруашылығы, су-энергетиалық ресурстарды пайдалану мен еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылайды. Отырысқа қатысушы жекелеген тұлғалар Ыстықкөлдің жағалауындағы төрт пансионаттың Қазақстанның меншігіне берілу мәселесін қарауды көздеп отыр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, президент Құрманбек Бакиевтің Астанаға ресми сапары 5-6-шілдеге белгіленген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны