25.08.2011, 13:12 4369

Астанада қазақстан-корей бизнес форумы өтеді

2011 жылдың 25 тамызында Rixos Prezident Astana қонақүйінде Корея Республикасы президенті Ли Мён Бактың сапары шеңберінде қазақстан-корей бизнес-форумы және іскерлік кеңесі өтеді, деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 25-тамыз. Kazakhstan Today - Астанада қазақстан-корей бизнес форумы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылдың 25 тамызында Rixos Prezident Astana қонақүйінде Корея Республикасы президенті Ли Мён Бактың сапары шеңберінде қазақстан-корей бизнес-форумы және іскерлік кеңесі өтеді, деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы іс-шараның жұмысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.К. Мәсімов, Корея Республикасы президенті Ли Мён Бак, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі А.О. Исекешевтің құттықтау сөз сөйлеуі жоспарлануда.

Экономикалық форум технологиялар трансферті мен экономиканың басым секторларында бірлескен өндірістерді жасау арқылы Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сауда-экономикалық пен инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.

Осы мақсатта "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ, "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі" АҚ-ның басшылар өкілінің, сонымен қатар қазақстан-корей Іскерлік Кеңесінің қосарлас төрағаларының негізгі сөз сөйлеуі жоспарланып отыр.

Форумның жұмысына 300-ден астам екі елдің бизнес топтарының өкілдері қатысады, 200 қатысушыға жуық қазақстандық компаниялардың өкілдерін құрайды, оның ішінде "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ, "ҰИҚ" АҚ, Қазақстандық индустрия дамыту институты, "Зерде" ҰИХ" АҚ және т.б. Корея делегациясының құрамына Samsung C&T Corporation, Korea National Oil Corporation, Korea Electric Power Corporation, LG International Corp., Hyundai Corporation сияқты және т.б. ірі компаниялардың өкілдері мен басшылары кіреді.

Іс-шараның барысында 8 экономикалық сипатты құжаттаррға қол қоюға жоспарланды.

Бизнес-форумның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі" АҚ, Қазақстан Республикасының Сауда-Өндірістік Палатасы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны