22.10.2007, 18:27 2951

Астанада Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке өтуіне 15 жыл толуына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Астанада Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке өтуіне 15 жыл толуына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 24 қазанда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғимаратында Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелікке өтуіне 15 жыл толуына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

24 қазан бүкіл дүние жүзінде БҰҰ күні ретінде атап өткізіледі. Конференцияда ҚР Сыртқы істер министрі, сонымен қатар ҚР мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері және Қазақстандағы шетел дипломатиялық өкілдіктердің басшылығы өз пікірлерін ортаға салады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны