26.10.2009, 13:58 2514

Астанада "Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы: қатерлер мен мүмкіндіктер" атты халықаралық конференция өтеді

Астанада "Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы: қатерлер мен мүмкіндіктер" атты халықаралық конференция өтеді

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - Астанада 28 қазанда Вашингтондағы стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы және Жаңа демократия институтымен бірлесе отырып ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен "Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы: қатерлер мен мүмкіндіктер" атты халықаралық конференция өтеді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Конференцияға дипломаттар, халықаралық қатынастар саласындағы сарапшылар, мамандар және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысады деп күтілуде.

Қатысушыларға еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы мәселелеріне қатысты сарапшылар пікірін білуге мүмкіндік беретін пікір алмасулар өтеді",- деді І.Омаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны