13.05.2010, 10:37 1698

Астанада ҚР мен БАИ Сыртқы істер министрліктерінің арасында саяси консультациялар өтті

Астанада ҚР мен БАИ Сыртқы істер министрліктерінің арасында саяси консультациялар өтті

Астана. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Астанада кеше Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Имірліктерінің Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР СІМ хабарламасына сілтеме жасап.

Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Н. Ермекбаев, ал Имірліктер делегациясын Біріккен Араб Имірліктерінің сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Ануар Мұхаммед Гаргаш басқарды.

Отырыс шеңберінде тараптар саяси, экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты әріптестіктің жағдайы мен даму болашағы жайында талқылады. Сонымен қоса, Қазақстан мен Имірліктер арасындағы келісімдік-құқықтық базаның одан әрі кеңеюі, халықаралық және аймақтық ұйымдарда, атап айтқанда Біріккен Араб Имірліктерінің АӨСШК процесстерінде, Илемдік және дәстүрлі дін басшыларының сьезіне, сондай-ақ Ауғанстанда әлеуметтік-гуманитарлық жобаларды бірігіп жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Сол күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Біріккен Араб Имірліктерінің Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Ануар Мұхаммед Гаргашпен кездесті. Тараптар мемлекеттер арасындағы екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыттарын талқылады. Имірлік тарапы Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларына, сонымен қоса ЕҚЫҰ шеңберіндегі ұсыныстарына толық қолдауын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны