20.05.2010, 11:09 2615

Астанада ҚР СІМ мен Қазақстанда тіркелген Еуроодақ мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері арасында келіссөздер өтті

Астанада ҚР СІМ мен Қазақстанда тіркелген Еуроодақ мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері арасында келіссөздер өтті

Астана. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Астанада 19 мамырда ҚР СІМ, Қазақстанда тіркелген Еуроодақ мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері және одақтың Қазақстандағы өкілдігі арасында келіссөздер өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отандық делегацияны СІМ жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев бастады.

Еуроодақ тарапынан келіссөзге оған мүше мемлекеттердің елшілері мен консулдары және Қазақстандағы одақ өкілдігінің басшысы Норбер Жустен қатысты. Осы іс-шараға Қазақстандағы Ватикан өкілі Мигель Буендиа аса қызығушылықпен қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар қазіргі таңдағы екіжақты және көпжақты қатынастардың консулдық-құқықтық жағдайы мен дамуы, Қазақстанның Еуроодақ елдерімен консулдық қарым-қатынасын кеңейту мәселелерін талқылады. Тараптар азаматтарымызға қатысты кең ауқымда консулдық мәселелер бойынша пікір алмасты. Осы тұста Қазақстан мен Еуроодақ арасында тиісті келісімнің бекітілуі жөнінде келіссөздерді тездету қажеттігі атап өтілді.

Рәпіл Жошыбаев отандық сыртқы істер ведомствосы азаматтарымыз үшін Еуроодақ мемлекеттерімен визалық тәртіпті жеңілдетуге бағытталған кешенді іс-шаралармен, тиісті келісімге қол қою және Еуроодақ құрылымдарында консулдық сұрақтарды шешу жолдарымен қатысушыларды таныстырды.

Қазақстанның жеке келіссөздерді жүргізуде жол картасын жолға қою бойынша Қазақстан-Еуропалық Одақтың біріккен визалық жұмыстары мен міндеттемелер қатарларын жеңілдету сұрағы және біздің қарым-қатынасымыздың одан әрі даму жолындағы кедергілерді жою бойынша Қазақстанның қызығушылық танытқаны айтылды.

Қазақстан делегациясының басшысы Р.Жошыбаев ЕО-қа мүше елдердің өкілдеріне ЕО пен ҚР арасында визалық режимді жеңілдету туралы келісіміне қол қоюына Қазақстан тарапының бастамасын, сол сияқты, Қазақстан азаматтарына визалық ресімдерді жеңілдетуде Еуропа елдерінің оң қабақ танытады деген үмітпен өтініш білдірді.

Қазақстан бастамасының келісімге қол қоюы бойынша қолдау көрсету Қазақстан мен ЕО арасында стратегиялық әріптестік қарым-қатынастың нығая түсуіне және келешекте сапасы жоғары жаңа деңгейдегі өзара шешіміз үшін маңызды екендігі атап айтылды.

Қазақстан Республикасының Еуропалық Одаққа барлық санаттағы Қазақстан визаларын рәсімдеуде берілетін жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы ақпаратын Еуропа тарапы оң көзқараспен қабылдады.

Сол сияқты, Еуропа тарапы Қазақстанның бастамасын түсіністікпен қабылдап екіжақты деңгейде және ЕО құрылымында қолдау көрсететініне дайын екендігін білдірді.

Кездесуге қатысушыларға қазіргі ЕҚЫҰ-ның төрағасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қ. Саудабаевтың ЕО-қа мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрліктерінің басшыларына арнайы жеке жолдауы тапсырылды.

Тараптар консулдық сұрақтар бойынша әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны