24.08.2007, 15:29 2711

Астанада "Нұр Отан" партиясы саяси бюросының отырысы басталды, онда мәжіліс депутаттарының тізімі жасалады

Астанада "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы саяси бюросының отырысы басталды, онда төртінші шақырылымдағы мәжілістің билеуші партиядан жасақталатын депутаттарының тізімі жасалады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 24 тамыз. АСТАНА. Астанада "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы саяси бюросының отырысы басталды, онда төртінші шақырылымдағы мәжілістің билеуші партиядан жасақталатын депутаттарының тізімі жасалады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгін біз "Нұр Отан" партиясынан жасақталатын парламент депутаттарының тімізін жасау үшін жиналдық. "Сайлау туралы" конституциялық заңға сәйкес, сайлауда берілген дауыстар анықталып, Орталық сайлау комиссиясы қорытындыны жария еткеннен кейін партияның жетекші органы депутаттардың ақырғы тізімін айқындауға тиіс. Мұндай басқарушы орган - "Нұр Отан" партиясының саяси бюросы болып табылады, - деді отырысты ашқан мемлекет басшысы - "Нұр Отан" партиясының жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда еске сала кетсек, 18-тамызда өткен мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауында жеңіске жеткен партияның 125 мүшесінен мәжіліс құрамына 98 адам енеді. Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес, дәл осынша депутат пропорцонал жүйе бойынша сайланады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны