07.10.2011, 11:51 4378

Астанада Орталық, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін 6-шы өңірлік конференциясы өз жұмысын аяқтады

Форум жұмысының шеңберінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Изірбайжан, Иран, Моңғолия Бас прокуратураларының делегациялары басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Сондай-ақ, Прокурорлардың қазақстандық қауымдастығы Украина, Чехия, Сербия және Венгрия прокурорлық қауымдастықтары арасындағы екіжақты қарым-қатынас туралы мемарандумдарға қол қойылды.

Астана. 7-қазан. Kazakhstan Today - Астанада Орталық, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін 6-шы өңірлік конференциясы өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Форум жұмысының шеңберінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Изірбайжан, Иран, Моңғолия Бас прокуратураларының делегациялары басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Сондай-ақ, Прокурорлардың қазақстандық қауымдастығы Украина, Чехия, Сербия және Венгрия прокурорлық қауымдастықтары арасындағы екіжақты қарым-қатынас туралы мемарандумдарға қол қойылды.

Конференцияның нәтижесі ретінде қорытынды құжат қабылданды, оған сәйкес қатысушылар әлемдегі тұрақтылық пен өркендеуді сақтау үшін өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған ұжымдық күштерін бағыттауға дайындықтарын растады.

Конференция әр елдің прокуратураларының ұлттық құқықтық және тарихи дәстүрлермен шартталған функциялары әртүрлі болса да, барлық құқықтық жүйеде адам құқықтарын қорғаудың, заңдылық пен заң үстемдігін қамтамасыз етудің құралы болатынын атап көрсетті. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына жататын адамдардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға ерекше назар аударылады. Форумға қатысушылардың пікірінше, бұл мәселеде прокурорлар ең жауапты рөлді атқарады. Сондықтан прокурорлардың адам, қоғам және мемлекет мүддесі үшін әрекет ететін негізгі міндеттерін ескере отырып, осы функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажет.

Сондай-ақ конференцияда айтылған прокурорлардың адам құқықтарын қорғаудың әртүрлі бағыттары, формалары мен әдістерін өзара оң тәжірибе ретінде қолдануға болатыны атап өтілді.

Осы мақсаттарда, адамның негізгі бостандықтары мен құқықтарын қорғаудың маңыздылығын негізге ала отырып, конференцияға қатысушылар прокурорлардың қылмыстық-құқықтық саладан тыс жұмыстарының статусы, құзіреттілігі және тәжірибесі туралы ПХҚ жалпы қағидаларын дайындау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар ұйымға қатысушы елдердің прокуратуралары арасында құқықтық көмекті ұйымдастыруға көмектесу ұсынылды.

Конференцияны қорытындылай келе ПХҚ Бас хатшысы Дерк Куиперс қылмыстық-құқықтықтан тыс саладағы прокуратуралардың рөлін, адам құқықтарын қорғау саласында түрлі елдердің қадағалау органдарының күш-жігерін біріктіру үшін болып өткен конференцияның қоғамдық маңыздылығын атап көрсетті.

Қазақстанның Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев қорытынды сөз сөйледі. Ол конференцияға белсенді қатысқандары үшін жиналғандарға алғысын білдіріп, жиналыстың ПХҚ қатысушы елдері үшін өзекті және маңызды оқиға екенін, оның неғұрлым тығыз халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, күш-жігерді үйлестіруге және қазіргі әлемнің қауіп-қатерлеріне бірлесіп қарсы тұру жолдарын іздеуге жаңа серпін беретінін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны