13.10.2008, 19:21 3053

Астанада сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының оныншы мәжілісі өтеді

Астанада сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының оныншы мәжілісі өтеді

Астана. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - 15-17 қазанда Астанада ҚР Көлік және коммуникациялар министрі Серік Ахметов пен Иран ислам Республикасы Сыртқы істер министрі Манучехр Моттакидің бірлескен төрағалығымен Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының оныншы мәжілісі өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Комиссия шеңберінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жолдары, Иранға астық жөнелтуді жолға қою, сондай-ақ өнеркәсіп, энергетика, мұнай және газ, көлік және коммуникациялар, туризм және спорт, мәдениет жене телерадиохабар салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері қарастырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны