30.09.2008, 10:48 3199

Астанада үкімет басшысының қатысуымен Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің мерейтойлық отырысы өтеді

Астанада үкімет басшысының қатысуымен Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің мерейтойлық отырысы өтеді

Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 2008 жылдың 1-2 қазанында үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің мерейтойлық XVIII отырысы өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырысқа республиканың антимонополиялық органының бұрынғы басшылығы, Қазақстан парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, Ресей, Беларусь, Украина, Армения, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстанның монополияға қарсы күрес органдарының өкілдері шақырылған. Сондай-ақ, бақылаушы ретінде Румынияның монополияға қарсы күрес органының жетекшілері қатысады.

Бұл - Қазақстанда өткізіліп отырған осымен үшінші отырыс. Отырыста еларалық цемент нарығына, телекоммуникациялар саласындағы қызметке, азық-түлік тауарлары, мұнай айналымы нарығына жүргізілген мониторинг нәтижелері мен ТМД елдеріндегі темір жол транспортын реформалау мәселелері қаралады. Сондай-ақ, Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңеске қатысушы елдердегі бәсекелестікті қорғау тәсілдері талқыланады.

Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңес 1993 жылдың 23 желтоқсанындағы Келісілген антимонополиялық саясат жүргізу жөніндегі келісімнің негізінде құрылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны