25.05.2009, 17:21 3152

Астанаға ЕҚЫҰ-ның Азшыл ұлттар істері жөніндегі Бас комиссары Кнут Воллебек жұмыс сапарымен келеді

Астанаға ЕҚЫҰ-ның Азшыл ұлттар істері жөніндегі Бас комиссары Кнут Воллебек жұмыс сапарымен келеді

Астана. 25 мамыр. "Қазақстан Бүгін" -Астанаға 26-27-мамырда ЕҚЫҰ-ның Азшыл ұлттар істері жөніндегі Бас комиссары Кнут Воллебек жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"К. Воллебектің еліміздің ресми тұлғаларымен кездесулері барысында

Қазақстанның алдағы ЕҚЫҰ-ға төрағалығына дайындығының түрлі қырлары, тіл саясаты және білім беру мәселелері, ұйымның Қазақстан халқы Ассамблеясымен ынтымақтастығы мәселелері қарастырылатын болады", - деді Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, сонымен қатар сапары аясында К. Воллебек ҚР Иділет минирстрлігі ұйымдастыратын "Көп ұлтты қоғамда әлеуметтік ықпалдастықты заңнамалық қамтамасыз ету" атты семинарға қатысады. Ол сондай-ақ, ҚР президенті жанындағы Мемлекеттік басқару институтының дипломатиялық академиясының студенттері алдында дәріс оқиды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны