26.11.2012, 16:03 2856

Астанаға осы аптада АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уэнди Шерман келеді

"У.Шерманның сапары барысында Қазақстанның ресми тұлғаларымен екіжақты кездесулері жоспарланған, оның барысында аймақтық және ғаламдық қауіпсіздік мәселелері, энергетика мен адам құқы саласындағы ынтымақтастық жайы талқыланады", деді ол Астанада дүйсенбіде баспасөз мәслихатында.

Астана. 26-қараша. Kazakhstan Today - Астанаға аймақтық турне шеңберінде 28-29 қараша күндері АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уэнди Шерман келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан СІМ баспасөз хатшысы Ильяс Омаров мәлім етті.

"У.Шерманның сапары барысында Қазақстанның ресми тұлғаларымен екіжақты кездесулері жоспарланған, оның барысында аймақтық және ғаламдық қауіпсіздік мәселелері, энергетика мен адам құқы саласындағы ынтымақтастық жайы талқыланады", деді ол Астанада дүйсенбіде баспасөз мәслихатында.

Сапар шеңберінде У.Шерман үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездеседі және Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетте лекция оқиды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны