21.07.2008, 18:03 2744

Астанаға Ұлыбританияның экс-премьер-министрінің аппараты мен кеңсесінің бұрынғы басшысы сапармен келеді

Астанаға Ұлыбританияның экс-премьер-министрінің аппараты мен кеңсесінің бұрынғы басшысы сапармен келеді

Астана. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астанаға 23-25 шілдеде "Morgan Stanley" банкінің инвестиция жөніндегі департаментінің атқарушы директоры және Ұлыбританияның экс-премьер-министрі Т.Блэрдің аппараты мен кеңсесінің бұрынғы басшысы Джонатан Пауэллдің сапары болады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Сапардың мақсаты - ҚР-ның бірқатар министрліктері мен ведомстволарының басшылығымен жоспарланған кездесулердің шеңберінде 2008 жылдың маусымда өткен Т.Блэрдің Астанаға сапарының нәтижелерін талқылау және Орталық Азия өңірін дамыту сұрақтары бойынша пікір алмасу.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны