16.01.2012, 09:45 3420

Астаналық сайлаушылардың басым бөлігі "Нұр Отан", "Ақ жол" мен Коммунистерге дауыс берген

Халықаралық аймақтық зерттеулер институтының жексенбі күні мәжіліс сайлауы барасында жүргізген ехіт-роІІ нәтижесіне сүйенсек, "Нұр Отан" партиясы 81,32%, оның бәсекелесі "Ақ жол" партиясына елордалық сайлаушылардың 6,12 пайызы дауыс берген.

Астана. 16-қаңтар. Kazakhstan Today - Астаналық сайлаушылардың басым бөлігі "Нұр Отан", "Ақ жол" мен Коммунистерге дауыс берген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Халықаралық аймақтық зерттеулер институтының жексенбі күні мәжіліс сайлауы барасында жүргізген ехіт-роІІ нәтижесіне сүйенсек, "Нұр Отан" партиясы 81,32%, оның бәсекелесі "Ақ жол" партиясына елордалық сайлаушылардың 6,12 пайызы дауыс берген.

Бұл туралы дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында ХАЗИ басқарма төрағасы Игорь Кузнецов мәлім етті.

"Ашық қоғам" институтының мәліметтеріне қарағанда, астаналықтардың 5,1%-ы Қазақстан Коммунистік халықтық партиясына дауыс беріпті.

Оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 4,2%, "Патриоттар, "Ауыл" және "Иділет" партиялары 1 пайыздан астам дауыс жинаған.

97 сайлау учаскесінде жүргізілген зерттеулерге 64 мың 700 адам қатысқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны