26.06.2007, 17:26 3174

"Атамекен" партиясы басқа саяси күштің құрамында мәжіліс сайлауына баруы мүмкін

АЛМАТЫ. 26-маусым. Kazakhstan Today. Илі тіркеуден өтпеген оңшыл-центристік "Атамекен" партиясы басқа саяси күштің құрамында мәжіліс сайлауына баруы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз Қазақстандағы заң шығарушы және атқарушы билік бұтақтарын қалыптастыруға атсалысамыз ба, жоқ па дегенді шешуге тиіспіз... Елімізде саяси ахуал анағұрлым өзгерген қазіргі таңда саяси бағдарламасына және рухына қарай бізге ұқсас саяси күштермен бірігу қажеттігі туындады",- делінген бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында таратылған партияның саяси кеңесі бюросының баспасөз баянында.

Партияның саяси кеңесі бюросының мүшесі- партияның тең төрағасының міндетін атқарушы Василий Резванның хабарлауынша, қазіргі жағдаймен "Атамекен" Қазақстанның төрт партиясынан бірігу жөнінде ұсыныс алған. Ол осы орайда барлық әлгіндей партияларды толық атаудан бас тартып, тек "Иділет" (жетекшісі -Мақсұт Нәрікбаев) пен "Ақ жол" партияларын (жетекшісі - Илихан Бәйменов) ғана атады.

"Саяси партиялар туралы заңға сәйкес, екі мәрте сайлауға қатыспаған партия өз іс-қызметін тоқтатуға тиіс. Сол себепті аталмыш шешімді қабылдау үшін.... саяси партия мәлімдеме жасауға тиіс",- деді В.Резван.

Еліміздегі қандайбір тіркелген партияға бірігу және мәжіліс сайлауына атсалысу мәселесі сьездің қарауына шығарылмақшы. Ал партияның сьезін қашан өткізу мәселесі саяси кеңестің 2007-жылғы 2-шілдеге межеленген отырысында шешілмек.

Осыған байланысты саяси кеңес бюросы өзінің бұрынғы жетекшісі Ержан Досмұхамедовты "партияның мүшелері бағамына бара алмай отырған ерікті эмиграциядан оралуға" шақырды. "Азамат Досмұхамедовты 2-шілдеге дейін Қазақстанға келіп өз ұстанымын жария етуге шақырамыз",- деп мәлімдеді В.Резван. "Егер ол екінші шілдеге дейін елге келмесе, онда біз "Атамекен" партиясының сьезін шақыратын боламыз", деп атап өткен В.Резван "егер ол келмесе, әріқарай партия Досмұхамедовсыз жұмысын жалғастыра береді", деп қосты.

В.Резванның айтуынша, "Атамекен" партиясына 60 мыңдай адам мүше.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны