27.09.2011, 15:15 4104

Атлантика түбінен жалпы құны 230 млн АҚШ долларын құрайтын күміс табылды

Ирландия жағалауына жақын маңдағы Атлант мұхитының түбінде 1941 жылы неміс су асты сүңгуір қайығының шабуылынан кейін суға батып кеткен британдық кеме табылды.

Астана. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today - Атлантика түбінен жалпы құны 230 млн АҚШ долларын құрайтын күміс табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ирландия жағалауына жақын маңдағы Атлант мұхитының түбінде 1941 жылы неміс су асты сүңгуір қайығының шабуылынан кейін суға батып кеткен британдық кеме табылды.

Радио Свободаның хабарлауынша, суға батқан кеменің бортында құны 250 млн доллар шамасында 200 тонна күміс болған.

Gairsoppa су көлігі Үндістаннан Британияға қайтып келе жатқанда су асты кемесін байғап, кейін ол мұхиттың түбін зерттейтін америкалық Odyssey Marine компаниясының көмегімен табылды. Егер бағалы металы бар кемені су түбінен төрт мың метрге көтеру мүмкіндігі туса, фирма оның құнының 80% ын алатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны