10.05.2007, 18:46 3015

Атом энергетикасы саласындағы ықпалдастық Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың келешегі бар бағыты - РФ президенті

АСТАНА. 10-мамыр. Kazakhstan Today. Ресей президенті Владимир Путиннің пайымдауынша, атом энергетикасы саласындағы ықпалдастық Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың келешегі бар бағытына жатады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша уағдаластықтар біртіндеп жүзеге асырыла бастады",- деді В.Путин бүгін Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен жүргізген келіссөздер барысында.

В.Путин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы уранды байыту жөніндегі халықаралық орталық құру туралы бүгін қол қойылған үкіметаралық келісімнің маңызын айрықша атап өтті. "Бұл атом энергетикасы саласында ғаламдық инфрақұрылымның негізін қалау жөніндегі біздің бастамамызды жүзеге асыруға бағышталған бірінші құжат деп санаймыз",- деді ол. "Бұл аса маңызды, экономиканың ең бір келешегі бар бағыты. Ол Қазақстанның да, Ресейдің де экономикасына пайдасын тигізеді дегенге сенімім зор",- деді РФ президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны