28.04.2008, 16:22 3655

Ауғанстан азық-түлік тапшылығына ұрынды

Ауғанстан азық-түлік тапшылығына ұрынды

Душанбе. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ауғанстанда азық-түлік әсіресе ұн бағасы бұрын соңды болмаған деңгейге көтерілді, деп хабарлайды агенттік "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Ауғанстан парламенті төтенше отырыс өткізіп онда туындаған жағдайдан шығу шараларын қарастырмақшы. Сарапшылар азық-түлік бағасының қатты көтерілуін көрші Пәкістанда бидай тасымалдауына шектеу қойылғанымен байланыстырып отыр. Жергілікті болжаушылар Исламабад тарапынан қойылған шектеулар саяси жағдаймен байланысты деген пікірде", - деп хабарлайды "Азия-Плюс".

Жуырда Ауғанстанның экономикалық жоспарлау министрі қолданылып отырған экономикалық нарық моделін Ауғанстанда пайдалануға болмайды дегенді айтты. Жалил Шамсаның пікірі бойынша Ауғанстанда бұл экономикалық моделін іске асырудың жағдайы әлі құрылмаған.

Бұдан бұрын БҰҰ азық-түлік бағасының өсуіне орай алаңдаушылық білдірген болатын. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының мәліметтері бойынша, Ауғанстанның бір миллионнан аса ауылды аймақтардың тұрғындары азық-түлік әсіресе өсімдік майы, ұн бағасының күрт қымбаттауынан туындаған азық-түлік тапшылығына ұрынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны