14.06.2007, 18:09 2991

Ауғанстан Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласын игеруге көмек көрсетуіне қызығушылық танытуда

АСТАНА. 14 - маусым. Kazakhstan Today. Ауғанстан Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласын игеруге, теміржол магистральдарын салуға, кен орындарын өңдеу мен кен қазу өнеркәсібін дамытуға көмек көрсетуіне қызығушылық танытуда. Бұл туралы бүгін парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында Ауғанстан Ислам Республикасының бірінші вице-президенті Ахмад Зия Масуд мәлім етті.

Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне сенаттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, кездесу барысында екі жақ өзара қызығушылық танытатын халықаралық мәселелердің кең ауқымы бойынша пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның "Ауғанстанмен жан-жақты ынтымақтастығын барынша дамытуға" дайын екендігін атап өтті. "Қазақстанның аймақтағы тиімді географиялық және геосаяси жағдайы сауда-экономикалық, энергетикалық, транспорттық мәселелерін шешуде табысты өзара ықпалдасуға мүмкіндік береді, ал ынтымақтастықтың жаңа пішімі тауарлардың, қызмет көрсетулер мен капиталдар еркін алмасылатын ортақ нарықтың принциптерін дамытуды меңзейді",- деп санайды сенат басшысы.

Оның пайымдауынша, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, қазақстандық мамандардың институциялық және инфрақұрылымдық бағдарламаларға, сондай-ақ достастық елдер экономикасының құрылымдық өзгеруіне қатысуы преспективті бағыт болып табылады.

Ауғанстанның бірінші вице-президенті өз кезегінде, "Қазақстанның таң қаларлық экономикалық жетістіктері, оның демократиялық өзгертулер жолында басқан нық қадамы тек өз еліне ғана емес, әлемнің басқа да мемлекеттеріне үлгі болып табылады", деп мәлім етті. "Ауғанстан қазақ елінің мұнайгаз саласын игеруге, теміржол магистральдарын салуға, кен орындарын өңдеу мен кен қазу өнеркәсібін дамытуға көмек көрсеттіндігіне үміттенеді",- деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны