25.09.2006, 18:04 2959

Ауғанстанда сапармен жүрген еліміздің өкілдері елді қалпына келтіруге Қазақстанның қатысу мүмкіндіктерін қарастырады

АСТАНА. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. Ауғанстанда сапармен жүрген еліміздің өкілдері Ауғанстанды қалпына келтіруге Қазақстанның қатысу мүмкіндіктерін қарастырады, деп хабарлайдлы Kazakhstan Today тілшісі.

Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Осы күндері ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Ибдірахмановтың басшылығымен еліміздің бірқатар министрліктері мен ұлттық компанияларының өкілдерінен құралған делегация Ауғанстанда жұмыс сапарымен жүр",- деді Е.Ашықбаев.

Сапардың мақсаты - сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың негізгі бағыттарын талқылау, сондай-ақ коалициялық күштердің біріккен қолбасшылығы құрамында Ауғанстанды қалпына келтіру жобаларына Қазақстанның қатысу мүмкіндіктерін қарастыру.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны