Ауғанстанға азық-түлік көмегін көрсету үшін донорлар $70 млн бөлді
Алматы. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Дүниежүзілік азық-түлік(ДАБ) бағдарламасы Ауғанстан тұрғындарына азық-түлік көмегін көрсету үшін $70 млн алды, деп хабарлайды агенттік БҰҰ ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.
БҰҰ мәліметтері бойынша, ДАБ бұл қаржыға 2,5 млн тұрғыны бар Ауғанстанға 88 мың тонна азық-түлік сатып алуды жоспарлаған. ДАБ қызметкерлері айтқанындай, келесі жексенбіде көмекке зәру болып отырған тұрғындар арасында азық-түліктерді таратудың бірінші кезеңі аяқталады деп сенім білдіруде.
ДАБ атап өткеніндей, Ауғанстанда азық-түліктің қымбаттауы салдарынан тұрғындар ұн, өсімдік майы сияқты қажетті өнімдер тапшылығын сезінді. Ауғанстанның кейбір аудандарында ұн бағасы соңғы жылы 60-80 пайызға көтерілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті