29.03.2007, 14:20 3172

"Ауыл" партиясы мен Патриоттар партиясы сайлау алдындағы блокқа бірігуде

АЛМАТЫ. 29-наурыз. Kazakhstan Today. "Ауыл" социал-демократиялық партиясы мен Қазақстанның Патриоттар партиясы мәслихат сайлауы алдында "Бірлік" атты айлау алдындағы блокқа бірігуде. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында партия жетекшілері мәлімдеді.

"Біз бір блок, бір тізіммен сайлауға түсіп, республика бойынша сайлау округтерін мейлінше кең көлемде қамтымақшымыз",- деді Қазақстанның Патриоттар партиясының жетекшісі Ғани Қасымов. "Бірігу арқылы әрбір партия екі есе күшейте түседі", деді ол.

"Патриоттар партиясы қалаларда күшті болса, "Ауыл" партиясының электоратының 70 проценті - ауыл тұрғындары, ауыл үшін жаны күйетіндер",- деді социал-демократардың жетекшісі Ғани Қалиев.

Ғ.Қасымовтың айтуынша, әрбір партия блокқа өзінің стратегиялық жоба-жоспарларын әкелмек. "Блок үшін біз сайлауға баратын бір-екі саяси бағдарлама жасап жатырмыз. Патриоттар партиясы ұлттық экологиялық қауіпсіздік жөніндегі бағдарлама жасауда. Оған атом энергетикасы жөніндегі мәселелер қамтылады",- деді ол.

Баспасөз мәслихатына қатысушылар "Ауыл" партиясының саяси кеңесі мен Патриоттар партиясының бюросы саяси блок құру жөніндегі меморандумды мақұлдағанын хабарлады. "Меморандум екі партияның орталық комитетінің 21-сәуірде өтетін пленумында түпкілікті бекітіледі",- деді Ғ.Қасымов.

Меморандумда "Бірлік" блогынан мәслихат депутаттығынан үміткерлердің атын ұсыну тәртіптері көрсетілген. "Бір мандатты сайлау округтері бойынша сайлауға қатысу үшін тараптар келісілген кандидатураларды ұсынады, оларға бәсекелестік тудырмай, әр жағдайда оларға барлық заңды әдістермен қолдау көрсетеді. Бірлескен іс-әрекетке қатысты мәселелерді тараптар өзара келісе отырып тиісті хаттамалар рәсімдеу арқылы шешеді",- делінген құжатта.

Құжат бойынша, блоктың мақсаты "билікті билік болғаны үшін ғана бағындыру" емес, керісінше, "ел халқының мүддесін жаппай қорғау үшін, олардың мәртебесіне қарамастан, ұлты мен дініне қарамастан, әр ауыл мен кенттің мүддесін қорғау үшін ауқымды өкілеттіліктер мен мүмкіндіктер алу" үшін додаға түспек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны