28.11.2006, 14:10 2604

Ауылшаруашылығы министрлігі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту мәселесі бойынша келіссөздердегі ұстанымын қорғап бағуға тиіс - үкімет басшысы

АСТАНА. 28-қараша. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Даниал Ахметовтың пайымдауынша, "ауылшаруашылығы министрлігі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту мәселесі бойынша келіссөздердегі ұстанымын қорғап бағуға тиіс". Бұл туралы ол бүгін үкімет отырсында мәлімдеді , деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қызмет көрсету нарығына шығу мүмкіндігіне келсек, біз үшін айрықша әлеуметтік маңызды мәселе - жеке тұлғалардың Қазақстан аумағына келу және осында уақытша болу мәселесі болмақ. Оларға қатысты шешім әзірге табылған жоқ",- деді Д.Ахметов. "Көші-қон саясаты біз қазір жүргізіп жатқан келіссөздер процессі аясында жүзеге асырылуға тиіс", деді ол.

Үкімет басшысының айтуынша, келіссөздер барысында еліміздің ауылшаруашылығы министрлігі "сары қоржынның" (ұйымға мүше елдер тарапынан салаға субсидия бөлу арқылы мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге келісім толық берілмей отырған шарттар) көлемін анықтауда қиындықтарға душар болуда. "Ауылшаруашылығы министрлігі 1996-1998-жылғы базалық кезеңнің көрсеткіштерін сақтап қалу үшін дәлелдер келтіруі қажет. Бұл бізге болашақта мемлекет тарапынан тиімді қолдау көрсетуге мүмкіндік береді",- деді ол.

Бұған қоса үкімет басшысы ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Австралия мен Канада елдерімен белсенді келіссөздер жүргізу қажет деп пайымдайды. Осы елдермен мәмілеге келу Қазақстанның ауылшаруашылығына субсидия бөлу тұрғысында өз мүддесін қорғап қалу міндетін тұжырымдамалық жағынан шешуге жол ашады, деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны