18.09.2007, 15:26 3111

Австрия Астанада 2008 жылдың басында өз елшілігін ашады - елші

Австрия Астанада 2008 жылдың басында өз елшілігін ашады, деп хабарлады Австрия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Урсула Фарингер.

АСТАНА. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Австрия Астанада 2008 жылдың басында өз елшілігін ашады, деп хабарлады Австрия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Урсула Фарингер.

"Біз мемлекеттік хатшымен Қазақстанда Австрияның елшілігін ашу туралы әңгімелестік. Бұл оқиға келесі жылдың басында Астанада болады деп межеленген",- деді австриялық дипломат Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысына сенім грамотасын табыс ету рәсімінен кейін өткен брифингте. "Бұл Австрия мен Қазақстан арасындағы екі жақты қатынастарды кеңейту мен нығайту үшін тамаша негіз",- деп атап көрсетті елші.

У.Фарингер, Қазақстан мен Австрия арасында "барлық салаларда өте тамаша, тату қатынас дамып келеді" деп атап өтті, бірақ "әлеуеттілікке әлі қол жете қойған жоқ", деп қосты ол.

"Қазақстан біз үшін Орталық Азиядағы ең маңызды экономикалық және саяси серіктес, және де біз ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуды көздеп отырмыз",- деп қосты дипломат.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2007 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан мен Австрия арасындағы тауар айналымы 110,156 млн АҚШ долларын, ал 2006 жылы - 192,39 АҚШ долларын құраған. 2007 жылдың наурызында Қазақстан экономикасындағы австриялық инвестицияның жалпы көлемі 176,3 млн АҚШ долларын құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны