17.09.2007, 17:09 2898

Австрия Республикасының Экономика және жұмыс министрінің елімізге сапары басталды

Бүгін Австрия Республикасының Экономика және жұмыс министрі Мартин Бартенштайн Қазақстанға сапармен келді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті.

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін". - Бүгін Австрия Республикасының Экономика және жұмыс министрі Мартин Бартенштайн Қазақстанға сапармен келді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, сапар 18 қыркүйекке дейін жалғасады, жоспарланған кездесулер барысында тараптар екі жақты қазақстан-австрия ынтымақтастығының сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы перспективалары мен дамуы төңірегіндегі мәселелерді талқылайды деп күтілуде.

Осы сапардың аясында бүгін, "Интерконтиненталь" қонақ үйінде "Austrian Airlines" компаниясының Вена-Астана-Вена бағытындағы тіке әуе тасымалының ресми ашылу салтанаты өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны