19.12.2011, 12:41 3018

Азат Перуашев ел бірлігі мен мемлекет тұтастығына, халықтың игілігіне қызмет етуге шақырды

"2011 жылғы 19 желтоқсанда, Астана қаласында, Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" демократиялық партиясы "Ұлы дала", "Ұлт тағдыры" қозғалыстары, "Иділет" тарихи-ағарту қоғамдық бірлестігі, "Болашақ" жастар бірлестігі бастаған бір топ қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті" деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚДП баспасөз қызметінен.

Астана. 19-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев ел бірлігі мен мемлекет тұтастығына, халықтың игілігіне қызмет етуге шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"2011 жылғы 19 желтоқсанда, Астана қаласында, Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" демократиялық партиясы "Ұлы дала", "Ұлт тағдыры" қозғалыстары, "Иділет" тарихи-ағарту қоғамдық бірлестігі, "Болашақ" жастар бірлестігі бастаған бір топ қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті. Партия Төрағасы А.Перуашев кездесу барысында: "Барлығымыз да ел бірлігі мен мемлекет тұтастығына, біздің туған халқымыздың әлеуметтік, рухани дамуына, игілігіне қызмет етуге тиіспіз. Бүгінгі сіздермен кездесу "АҚ ЖОЛ" партиясы мен ұлттық-патриоттық күштер арасындағы ынтымақтастықтың, қарым-қатынастың заңды жалғасы. Бұдан әрі сіздер мен біздер осы бағыттағы іс-шараларды бірлесіп іске асырамыз деп ойлаймын" деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚДП баспасөз қызметінен.

"Алаш Орда" қайраткерлері ХХ ғасырдың басында-ақ ұлттық бірлікті, экономикалық даму мен либералды-демократиялық құндылықтарды бірінші орынға қойды. Олардың ұлттық дәстүр мен еуропалық, әлемдік өркениетті ұштастырып, білімді, мәдениетті, озық ел қалыптастыру идеясы бүгінгі "Ақ Жол" партиясының мақсат-міндетімен үндесіп жатыр" - деді, А.Перуашев.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, "Ұлы дала" қозғалысының төрағасы Айдос Сарым, "Ұлт тағдыры" ұйымының төрағасы Дос Көшім және "Иділет" тарихи-ағартушылық бірлестігінің төрағасы Бейбіт Қойшыбаев қойылған сұрақтардың өзектілігін атап өтті. Олардың пікірінше, қазақ мемлекеттілігінің тарихи тамырын зерттеу мен насихаттаудан басқа, бүгінгі күні жалпы қазақ халқы мен қазақстандық қоғамның рухани бірігу, шеттету тенденциялары мен әлеуметтік шыдамсыздықты жеңіп шығу, біздің дәстүрлерге тән толеранттылық пен ынтымақтастықты көкейтесті ету тапсырмалары маңызды болуда.

"Кездесуге қатысушылардың пайымдауынша, бұл үрдіс барысында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары маңызды рөл атқыруға тиіс. Жиын соңында Қазақстан мемлекеті мен қазақтың ұлттық құндылықтарын ұлықтап жүрген ұйым өкілдері мен тұлғалар "Ақ жол" партиясына "Қазақ халқының аманатын" тапсырды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны