06.10.2006, 16:59 2920

Азия ынтымақтастық диалогына қатысушы елдердің энергетикалық форумы мен министрлер кездесуі 2007-2008-жылдарда Қазақстанда өтеді

АЛМАТЫ. 6-қазан. Kazakhstan Today. Азия ынтымақтастық диалогына қатысушы елдердің энергетикалық форумы мен министрлер кездесуі 2007-2008-жылдарда Қазақстанда өтеді. Бұл туралы бүгін еліміздің сыртқы істер министрніің орынбасары Қайрат Ибдірахманов Азия ынтымақтастық диалогына қатысушы елдердің энергетика саласындағы ынтымақтастығына арналған семинар барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Азия ынтымақтастық диалогына қатысушы елдердің энергетикалық форумы Қазақстанда 2007-жылы, ал 7-ші министрлер кездесуі де 2008-жылы Қазақстанда өтеді деп межеленген",- деді Қ.Ибдірахманов. "Қазақстан Азия ынтымақтастық диалогы шеңберіндегі бастамаларды қолдайды. Өйткені, Азия ынтымақтастық диалогының мақсат-мүдделері Қазақстанның дүниежүзіндегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылу жөніндегі стратегиясымен үндес",- деді ол.

Азия ынтымақтастық диалогын құру жөніндегі бастаманы 2000-жылы Таиланд көтерген. "Біз осыдан кейінгі қысқа мерзімнің ішінде Азия ынтымақтастық диалогына деген халықаралық құрметтің арта түскеніне куәгер болдық. Қазір оған Азиядағы жетекші елдер біріккен",- деді ол.

"Қарқынды өзгерістерге ұшыраған Азиядағы ахуал бізден аймақтағы проблемаларды, соның ішінде энергетика саласындағы пролемаларды шешудекүш біріктіруді талап етеді",- деді Қ.Ибдірахманов. "Біз етене жақын ынтымақтастықты талап ететін өзекті проблемалармен бетпе-бет келіп отырмыз. Сондықтан да осы кезеңде Азиядағы елдер осынау мақсаттарды шешуде табандылық пен дәйектілік танытуға тиіс",- деді ол.

Бүгінгі семинар қорытындысы бойынша қабылданған есептер мен нұсқаулар Азия ынтымақтастық диалогына қатысушы елдердің Исламабадта өтетін энергетикалық форумының қарауына ұсынылып, "Азиядағы энергетикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізеді деп күтілуде",- деді Қ.Ибдірахманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны