09.04.2007, 18:26 3078

Азия ынтымақтастық диалогының энергетика жөніндегі іс-қимыл жоспарының жобасы Балиде өтетін ұйым үйлестірушілерінің кеңесінде қаралады

АСТАНА. 9-сәуір. Kazakhstan Today. 11-12 сәуір аралығында Индонезияның Бали аралында Азия ынтымақтастық диалогына мүше елдердің энергетика саласындағы үйлестіруші және қосымша үйлестіруші мемлекеттерінің кездесуі жоспарлануда. Аталған іс-шарада Азия ынтымақтастық диалогының энергетика жөніндегі іс-қимыл жоспарының жобасы мен 1-ші Азия ынтымақтастық диалогының бірлескен декларациясын талқылау көзделуде. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Шараға ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің газ өнеркәсібі департаментінің директоры Анарбек Толымбаев қатысады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, Е.Ашықбаевтың хабарлауынша, 14-16 сәуір аралығында Сауд Арабиясы Корольдігінің Жидда қаласында Ислам Конференциясы Ұйымының жоғары лауазымды тұлғаларының мәжілісін өткізу жоспарлануда. Елшінің хабарлауынша, аталған мәжілісте Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті 34-ші отырысында қарастырылатын мәселелер талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны