12.06.2008, 18:22 3297

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүшелікке өту жөніндегі Иорданияның өтініші алдын-ала мақұлданды - ҚР СІМ

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүшелікке өту жөніндегі Иорданияның өтініші алдын-ала мақұлданды - ҚР СІМ

Астана. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына толыққанды мүшелікке өту жөніндегі Иордания Корольдігінің өтініші сәрсенбіде Сеул қаласында өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының Аға лауазымды тұлғалар комитетінің кезекті отырысында алдын-ала мақұлданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының Аға лауазымды тұлғалар комитеті Иордания Корольдігінің Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына толыққанды мүшелікке өту жөніндегі өтінішін алдын-ала мақұлдады. Кеңес ұйымын кеңейту оның қауіпсіздік және өңірлік ынтымақтастық саласындағы көп жақты әрі репрезентативтік механизм ретіндегі беделінің өсуіне септігін тигізеді",- делінген хабарламада.

"Отырысқа қатысушылар сондай-ақ, оның алдында ғана болған Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының арнаулы жұмыс тобының отырысында қабылданған тиісті шешімдер мен нұсқауларды қарап мақұлдады". Атап айтсақ, өзара сенім шараларының каталогын жүзеге асыру, кеңестің хатшылығын жетілдіру және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының сыртқы істер министрлерінің биыл Астанада өтеді деп межеленген үшінші кездесуіне дайындық мәселелері талқыланды.

"Сонымен бірге Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының гуманитарлық саладағы сенім шаралары бойынша іс-шаралардың жоспарын таратты. Сонымен бірге, есірткінің заңсыз айналымымен күрес саласындағы ынтымақтастық жөніндегі тұжырымдаманың жобасы мен жаңаша қауіп-қатерлерге қарсы тұру іс-әрекеттерінің жоспары қарауға ұсынылды. Аталған екі құжат та Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының Аға лауазымды тұлғалар комитетінің келесі отрысында қаралады деп күтілуде", -делінген СІМ хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны