04.05.2008, 14:52 2753

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының Алматыда өтетін отырысында есірткі тасымалымен күрес шараларының тізімі қаралады

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының Алматыда өтетін отырысында есірткі тасымалымен күрес шараларының тізімі қаралады

Астана. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 6-7 мамырда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының арнаулы жұмыс тобының кезекті отырысы өтеді, онда есірткі тасымалымен күрес шараларының тізімі қаралады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Топтың отырысы барысында заңсыз есірткі айналымымен және жаңаша қауіп-қатерлермен күрес саласындағы тәжірибелік іс-шаралардың жоспары алдын-ала мақұлданып, ағымдағы жылдың 11-маусымында Сеулде өтеді деп межеленген аға лауазым иелері комитетінің қарауына ұсынылады", - деді Е. Ашықбаев.

Сондай-ақ, күн тәртібінде сенім шараларының каталогын имплементациялау, кеңес хатшылығының іске кірісуі, ағымдағы жылдың тамыз айында Алматыда өтетін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының сыртқы істер министрлерінің 3-ші кездесуіне дайындық мәселелері қаралады.

"Кездесуде бұған қоса жоғарыда аталған министрлер кездесуінің саяси декларациясы мен күн тәртібінің жобасы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының хатшылығы мен оның қызметкерлерінің құқықтық қабілеті, артықшылықтары мен иммунитеті туралы конвенцияның жобасы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының сенім шараларын дамыту қорын құру ережелері мен басқа да бірқатар құжаттар қаралады", - деді СІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны