17.06.2006, 14:49 2711

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының хатшылығы туралы келісім мен саммит декларациясына қол қойылды

АЛМАТЫ. 17-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының ІІ саммиті барысында ұйымның хатшылығы туралы келісім мен саммит декларациясына қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының хатшылығын құру туралы шешім 2002-жылы қабылданғанын еске салды.

“Бұл келісімге қол қою біздің форумның іс-қызметі үшін айрықша маңызға ие”,- деді Н.Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны