17.06.2006, 15:24 2797

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының ІІ саммитінде қабылданған құжаттар құрлықтағы халықаралық қарым-қатынастардың жаңаша кезеңі басталғанын айғақтайды

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының ІІ саммитінде қабылданған құжаттар құрлықтағы халықаралық қарым-қатынастардың жаңаша кезеңі басталғанын айғақтайды

АЛМАТЫ. 17-маусым. Kazakhstan Today. “Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының хатшылығы туралы келісім мен ІІ саммит декларациясы кеңестің өз дамуында ғана емес, Азия құрылығындағы халықаралық қарым-қатынастардың дамуында жаңаша кезең басталғанын айғықтайды”. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының ІІ саммитінің жабылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Біздің форумның жұмысы кеңеске қатысушылардың кейінгі төрт жылдағы күш-жігері біз қалаған нәтижеге жеткізгенін көрсетеді”,- деді Н.Назарбаев.
“Бүгін Алматыда жиналған баршымыздың мақсатымыз бір. Ол – Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізу. Бүгін осы бағытта аса маңызды тағы бір қадам жасалды. Бұл мақсатқа жететін жол бұралаң әрі шалғай. Бірақ біз оны бірлесе жүріп өтуге келістік. Бұл шешім біздің елдеріміз бен халықтарымыздың қауіпсіздігі мен игілігі, баянды бейбітшілік үшін жасалатын қадамдардың ақырғы нәтижесіне басты кепілдік болмақ”,- деді Н.Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны