16.06.2006, 14:42 2691

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының саммитіне Иран Ислам Республикасынан президенттің арнаулы өкілі қатысады

АЛМАТЫ. 16-маусым. Kazakhstan Today. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының саммитіне Иран Ислам Республикасынан президенттің арнаулы өкілі – осы елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Саидаббас Ирокчи қатысады. Бұл туралы арнаулы өкіл бүгін өткен қысқаша баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Иран президенті мен сыртқы істер министрі қазір Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысу үшін Шанхайда жүргені өздеріңізге мәлім. Сол себепті Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының саммитіне қатысуға мені жіберді”,- деді Иран сыртқы істер министрінің орынбасары.

“Саммитті өткізу мен осы ұйымның болуы Орталық Азия аймағындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде аса маңызды деп санаймыз”, деді С.Ирокчи.
“Біз үшін Орталық Азия аймағының маңызы зор. Және біз бұл өңірде Қазақстан айрықша маңызды роль атқарады деп ойлаймыз”,- деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны