24.10.2007, 14:24 1426

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес жақын арада БҰҰ Бас ассамблеясы жанындағы толыққанды бақылаушы мәртебесін алады

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес жақын арада БҰҰ Бас ассамблеясы жанындағы толыққанды бақылаушы мәртебесін алады.

Астана. 24-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы жанындағы толыққанды бақылаушы мәртебесін алғандығы туралы жақын арада ресми түрде мәлім етуге болады. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке өтуіне 15 жыл толуына орай откен ғылыми-практикалық конференцияда сыртқы істер вице-министрі Ержан Қазыханов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Атап айқанда, ол Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесіне Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы жанындағы толыққанды бақылаушы мәртебесін беру туралы ұсыныс кеңеске мүше мемлекеттердің министрлері Кеңесі отырыстарының бірінде жасалғандығын түсіндіріп өтті.

"Кеше ғана Бас Ассамблеяның 6-шы комитеті резолюцияны мақұлдады",- деді Е. Қазыханов. "Бұл ұйымның рөлі мен маңызын мойындаудың белгілі",- деді журналистермен кездесу барысында Е. Қазыханов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны