18.10.2007, 15:48 3297

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы мемлекеттер аймақтық қауіпсіздік негізін құруда нақты нәтижеге қол жеткізе білді

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы мемлекеттер аймақтық қауіпсіздік негізін құруда нақты нәтижеге қол жеткізе білді.

Астана. 18-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы мемлекеттер аймақтық қауіпсіздік негізін құруда нақты нәтижеге қол жеткізе білді.

"Осы уақыт ішінде өткен жолдарға шолу жасай отырып, біз біріккен күштеріміздің арқасында тек қана Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес процессін "іске қосып қана қоймай, аймақтық қауіпсіздік негізін құруда нақты нәтижеге қол жеткіздік. Жуықта Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 62-сессиясында Қазақстанның елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

"Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес процессінің қажеттігі - уақыт талабы, соның аясында Азиядағы мемлекеттері саяси келіссөздерде екпін жинай бастады", деп көрсеткен болатын.

"Бүгінде біздің форум Азия аумығының 90 пайызын алып жатқан 18 мемлекетті біріктіріп отыр. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесіне жуықта Тайланд Корольдігі мен Корея республикасы кірді, келесі жылы Иордания Корольдігі мен аймақтың басқа да мемлекеттері толыққанды мүшелікке ие болады, деп күтілуде. Бұл құрлықты жаппай қамту құрылымы ретінде Кеңес беделінің өсуінің куәсі",- деп айтылған құжатта.

"Ұйымның кезеңмен дамуы халықаралық Хатшылықтың құрылуы, құжаттарды дайындаумен және сараптық бағалаумен, консультация жүргізумен және пікір алмасуымен айналысатын арнайы жұмыс тобының табысты жұмыс істеуі, аға лауазымды тұлғалар комитетінің отырысының ұдайы өткізілуі болып табылады. Біздің пайымдауымызша, бұл Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес процессін институционалдық рәсімдеудегі, оған қажетті ұйымдастыру-саяси және функционалдық бағыт беретін маңызды қадам болып табылады",- деп айтылған Қазақстанның сыртқы істер министрінің пікірі көрсетілген құжатта.

"Илбетте, тек сенім, ынтымақтастық және тату көршілестік қағидасында құрылған, тиімді қауіпсіздік инфрақұрылымын құру жолымен ғана Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қақтығыстардың алдын алу мүмкін болып отыр. Сондықтан да Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 15 жыл бұрын Біріккен Ұлттар ұйымының мінбесінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске шақыру туралы көтерген бастамасы көптеген азиялық елдер мен халықтар тарапынан оң бағаға ие болып, олдау таба білді",- деп атап көрсетілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны