18.08.2008, 17:53 2795

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің штаб-пәтері Алматыдан Астанаға көшіріледі

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің штаб-пәтері Алматыдан Астанаға көшіріледі

Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің штаб-пәтері Алматыдан Астанаға көшіріледі. Осы жөніндегі хаттамаға 25 тамызда Алматыда өтетін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 3-ші министрлер кездесуінде қол қойылады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Оның хабарлауынша, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше-мемлекеттер 2006 жылғы 17 маусымдағы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшылығы туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қоймақ. Аталған құжаттың мазмұны хатшылықтың Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар және халықаралық ұйымдармен жұмыс атқаруға қолайлы болуын қамтамасыз ету мақсатында Азия кеңесі штаб-пәтерін Алматыдан Астанаға көшірілуіне арналған.

Күн тәртібіне сәйкес, министрлер кездесуінің барысында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшылығы және оның дербес құқықтық қабілеттілігі, артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция, сонымен бірге "Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сенім шараларын іске асыруындағы ілгерілемесі" атты декларация және кездесудің шешімдері деген қорытынды құжаттар қабылданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны