24.12.2007, 18:49 2547

Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің заңсыз есірткі айналымымен күрес саласындағы ынтымақтастығын дамыту тұжырымдамасы қабылданды

Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің заңсыз есірткі айналымымен күрес саласындағы ынтымақтастығын дамыту тұжырымдамасы қабылданды

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Тегеранда ұйымға мүше елдердің сарапшыларының 22-23 желтоқсанда өткен арнаулы кездесуінде Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің заңсыз есірткі айналымымен күрес саласындағы ынтымақтастығын дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Бұл туралы агенттікке ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы саясат мекемесінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың наурыз айында Иран Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңестің есірткі саудасымен күрес саласындағы сенім шараларының каталогын атқару жөніндегі үйлестіруші мемлекет функциясына ие болып, Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің заңсыз есірткі айналымымен күрес саласындағы ынтымақтастығын дамыту тұжырымдамасының жобасын жасап шығарды.

"Кездесу қорытындысы бойынша заңсыз есірткі айналымы проблемасына қатысты мәліметтер базасын құру, тәжірибе және ақпаратпен бөлісу, бірлескен оперативтік шаралар, консультациялар, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру және озық технологияларды қолдану секілді тәжірибелік қадамдарды қамтитын аталған құжат негіз етіп алынды", - деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.

Тұжырымдаманы арнаулы жұмыс тобы толықтырады және ол арнаулы отырысы 2008 жылдың бірінші жартысында Сеулде өтеді деп жоспарланған аға лауазым иелерінің комитетінде түпкілікті мақұлданады деп күтілуде.

Отырысқа қатысушылар тікелей қарым-қатынас орнату, тиімді ынтымақтастық пен үйлестіру мақсатында Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің заңсыз есірткі айналымымен күрес саласындағы ынтымақтастығы үшін жауап беретін ұлттық органдарының өкілдерін айқындауға және сарапшылардың отырыстарын жыл сайын өткізіп отыруға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны