28.10.2007, 15:24 2845

Азияның энергетикалық стратегиясы бірыңғай азиялық энергоресурстар биржасын құруды көздейді

Азияның энергетикалық стратегиясы бірыңғай азиялық энергоресурстар биржасын құруды көздейді.

Мәскеу. 28-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Азияның энергетикалық стратегиясы бірыңғай азиялық энергоресурстар биржасын құруды көздейді, деп мәлім етті 24-қазанда Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Нұртай Ибіқаев "Мәскеу энергетикалық диалогы" деген атпен Мәскеуде өткен халықаралық әнергетика апталығы аясында "Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы кеңістігіндегі энергетикалық келіссөздер" тақырыбындағы баяндамасында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың азияның энергетикалық стратегиясын дайындау туралы бастамасы туралы айта келе , деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Құжат бірінші кезекте мемлекеттердің экономикалық мүдделеріне және ондағы саяси себептерді мейлінше азайту принциптеріне негізделеді. Стратегия болашақта біртұтас азиялық мұнайгаз ресурстарының биржасын құруды, Шанхай Ынтамақтастық ұйымына мүше мемлекеттерді дүниежүзілік энергетикалық кеңістікке біріктіруді көздейді",- деп атап өтті Қазақстан Респуликасының елшісі.

Ол сондай-ақ өз сөзінде, "ғаламдық энергетикалық қауіпсіздік проблемаларын шешуде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының рөлін көтеру мен консолидация Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы ұзақ мерзімді басымдықтардың қатарына жататынын атап көрсетті",- деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметіндегілер.

Ресейдің Сауда-өнеркәсіптік палатасы мен Ресей Ғылым академиясының қатысуымен, Өнеркәсіп және энергетика министрлігінің басқаруымен ұйымдастырылған Мәскеу халықаралық энергетикалық апталығының бағдарламасы энергетикалық тиімділік, энергетикалық қауіпсіздік, инновациялық технологияларды қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Ресей мен шет елдердің ресми және кәсіпкерлік ортасының іскерлік кездесулерінен тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны