15.03.2010, 16:32 3024

Бахрейн Корольдігі премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Астанаға жұмыс сапарымен келмекші

Бахрейн Корольдігі премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Астанаға жұмыс сапарымен келмекші

Астана. 15 наурыз. Kazakhstan Today - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің шақыруымен 15 және 16 наурызда Бахрейн Корольдігі премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, Азия Ислам банкінің директорлар кеңесінің төрағасы Абдалла Хасан Сеиф бастаған делегацияның Астанаға жұмыс сапары болады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстанның бірқатар ресми тұлғаларымен келіссөздер барысында мәртебелі қонақ Алматыда аймақтық исламдық қаржыландыру орталығын ашу, Қазақстанда бірлескен мұсылман банкін құру және еліміздің экономикасына Бахрейн инвестицияларын тарту мәселелеріне қатысты өз ұсыныстарын енгізеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны