26.04.2007, 15:56 3190

Бакиев Назарбаевтің Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құру туралы бастамасын қолдайды

БІШКЕК. 26 - сәуір. Kazakhstan Today. Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиев Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құру туралы бастамасын қолдайды. Бұл туралы бүгін Бішкектегі Н. Назарбаевпен келіссөздер қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында Қ. Бакиев мәлім етті.

"Мен, Қырғызстанның президенті ретінде бұл бастаманы қолдаймын",- деп мәлім етті Қ. Бакиев. "Егер Орталық Азия елдері экономикалық байланыстар мен саяси қауіпсіздікті тереңдетуге мүмкіндік беретін мұндай одақ құратын болса, онда бұдан біздің халқымыз тек ұтады, деп ойлаймын",- деп атап өтті Қ. Бакиев.

Ол аталмыш одақты құруға Орта Азияның басқа елдерінің басшыларының келісімін күтпеуге және Қазақстан мен Қырғызстанның бірігуін бастауға шақырды. "Бізге басқа төрт елдің "пісіп-қатуын" күтудің қажеті жоқ",- деді Қ. Бакиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны