16.04.2010, 10:25 1776

Бакиев отставкаға кетті - ақпарат көзі

Бакиев отставкаға кетті - ақпарат көзі

Бішкек. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев кеше отставкаға кететіндігі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қырғызстанның уақытша үкіметі аппаратындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, президенттік өкілеттіліктен бас тарту туралы шешім "қалыптасқан ахуалдан шығудың компромисс жолын таңдауға жатады".

"Отставкаға кеткені үшін Қ. Бакиевке Қырғызстанды тастап шығуға мүмкіндік берілді", - деп хабарлайды ақпарат көзі.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, уақытша үкіметтегілер "бұл халық арасында наразылықтың жаңаша толқынын туындату мүмкіндігін жоққа шығармайды, өйткені, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстары Бакиевті өз беттерімен соттауға мүмкіндік беруді талап еткен. Оның отставкаға кеткені мен елден шыққаны туралы ақпарат жаңа толқуларға түрткі болуы ықтимал", - деп уақытша үкіметтегілер қауіптенеді.

ИТАР-ТАСС ақпаратына сәйкес, Қ. Бакиев Қырғызстан президенті өкілеттілігінен бас тартты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігіне кеше республиканың уақытша үкіметіндегі жоғары лауазымды ақпарат көзі хабарлаған. "Бакиев өзінің мемлекет басшысы өкілеттілігінен бас тартатыны туралы ресми мәлімдеме жасады", - деді ақпарат көзі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны