15.02.2007, 17:06 2754

Бакиев тандем бойынша Куловпен жасасқан уағдаластықтарынан ауытқыған емес - Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

БІШКЕК. 15-ақпан. Kazakhstan Today. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев тандем бойынша Куловпен жасасқан уағдаластықтарынан ауытқыған емес. Бүгін Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Нұрлан Шакиев Ф.Куловтың кешегі сөзіне қатысты осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ел жұртшылығы республика президентінің тандем шарттарын ақырына дейін қатаң ұстанғанын жақсы біледі. Алайда, Феликс Куловты үкімет басшысы қызметінен кетуге президентпен емес, парламентпен арадағы келіспеушілік мәжбүрледі", деп мәлімдеді Н.Шакиев.

Президенеттің баспасөз хатшысы Қырғызстан үкіметінің бұрынғы құрамы өз еркімен отставкаға кеткенін, президенттің Феликс Куловтың кандидатурасын үкімет басшысы қызметіне екі мәрте ұсынғанын еске сала кетті. "Парламенттегі дауыс беру қорытындысы қалыптасқан ахуалда Жогорку кенештің Куловтың кандидатурасын қолдауға дайын емес екенін көрсетті", деді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, "мемлекет басшысы бір адамның мүддесі үшін елдің жоғары заң шығарушы органын тарата алған жоқ". Н.Шакиевтің пікірінше, парламетті тарату "елдегі онсыз да оңып тұрмаған күрделі ахуалды" тіптен ушықтырып жіберер еді.

Н.Шакиевтің айтуынша, бұрынғы үкімет басшысының 14-ақпанда жасаған мәлімдемесі "ел жұртшылығы үшін күтпеген оқиға болған жоқ", мәлімдеменің "мазмұны осы тұрпаттас болатынын" бәрі күткен. "Феликс Куловтың мәлімдемесі қалыптасқан ахуалды оның осылайша түсінгенін көрсетеді және бұл оның құқығы".

"Осыған байланысты Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев тандем бойынша Куловпен жасасқан уағдаластықтарынан ауытқыған емес дененді атап көрсету қажет деп санаймыз",- деді баспасөз хатшысы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше Қырғызстанның бұрынғы үкімет басшысы Ф.Кулов өзінің оппозицияға кететінін мәлімдеді. "Мен өзіміз қарсы тұрмаған жағдайда елімізді апатқа алып келетін нақты қауіп-қатерлермен күресуге мәжбүрмін және күресуге міндеттімін", - деп түсіндірді өз шешімін Ф. Кулов.

Қ.Бакиев пен Ф.Кулов 2005-жылдың мамыр айында өзара одақ құру туралы меморандумға қол қойған. Бұл құжаттың шарттарына сәйкес, Қ.Бакиев президент болып сайланған жағдайда Ф.Кулов үкімет басшысы болып бекітілуге тиіс болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны