02.04.2009, 17:59 3608

Баку қаласында Каспий аймақтық көлік ведомстволары басшыларының кездесуі өтті (толықтырылған)

Баку қаласында Каспий аймақтық көлік ведомстволары басшыларының кездесуі өтті (толықтырылған)

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрі Ибілғазы Құсайынов 2009 жылғы 2 сәуірде Изербайжан Республикасының астанасы Баку қаласында өткен Каспий аймағындағы көлік ведомстволары басшыларының бірінші аймақтық мәжілісіне қатысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесуге қатысушылар қатарында Ресей Федерациясы, Изербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы және Түркменстанның көліктік ведомстволар басшылары бар.

Күн тәртібіндегі басты тақырыптар - ынтымақтастық мәселелері мен көліктік байланыстарды дамыту. Оның ішінде, кездесу барысында Каспий аймағындағы елдердің көлік инфрақұрылымын дамыту қажеттілігі, аймақтың транзиттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мақсатында мультимодальды тасымалдарды кеңінен қолдану үшін қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету және қосымша жүк легін тарту мәселелері көтерілді.

Баку мәжілісіндегі сөзінде Ибілғазы Құсайынов елімізде және көлік саласында дағдарысқы қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы, сондай-ақ ұлттық көліктік инфрақұрылымды дамытуға арналған жұмыстар жүйесі және әлемдік көліктік жүйеге кірігу әлеуеті туралы баяндады.

Мәжіліске қатысушылар аймақтағы халықаралық сауданың өсіп келе жатқандығын атап өтті. Мемлекеттер экономикасын дамытудаға көліктің орнын айта отырып, көлік ведомстволары басшылары көлік секторына инвестицияларды тартудың маңыздылығын баса айтты.

Мәжіліс барысында теңіз тасымалын жеңілдету үшін шара қолдану, темір жол - паром қатынастарын ұйымдастыру жүйесін жетілдіру, порттар инфрақұрылымын дамыту мәселелері де қарастырылды. Оның ішінде, кездесуге қатысушылар Каспий аумағындағы құрлықішілік мемлекеттер кемелерінің әлем мұхитына және одан кері еркін жүруін қамтамасыз етудің маңызды екенін айрықша атап өтті. Көрсетілетін көліктік қызметтердің тиімділігін арттыру, тасымал процесінің алдыңғы қатарлы технологияларын пайдалану, көліктік-логистикалық орталықтарын құру және дамыту қажеттілігі жайлы да сөз қозғалды. Осыған орай, кездесуге қатысушылар көлік операторларының жұмысын жеңілдетуге, бар кедергілерді жоюға, көлік операциялары мерзімдерін қысқартуға, жүк тасымалының қауіпсіздігі мен бүтіндігін қамтамасыз етуге бағытталған ықпалды шараларды қолдануды қажет деп есептейді.

Мәжілісте Министрлер Каспий аймағындағы мемлекеттердің аумақтары арқылы өтетін және Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалын жүргізуде басты буындардың бірі болып табылатын Еуро-Азиялық көлік тоғысуларының, оның ішінде Еуропа - Кавказ - Азия және Солтүстік - Оңтүстік халықаралық көлік дәліздерінің аса маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрі Ибілғазы Құсайынов ұзақ мерзімді Көлік стратегиясы жайында айта келіп, оның негізгі мақсаттары болып табылатын Қазақстанның көліктік жүйесінің әлемдік көліктік жүйесіне кірігуі, қазіргі уақытқа сай бола алатын келешегі бар ұлттық көлік инфрақұрылымын құру, транзиттік мүмкіндікті дамыту мен тиімді пайдалану, ұлттық көлік заңнамасын халықаралық заңнамалық қағидалармен үйлестіру, көлік процестерінің қауіпсіздігін және қолайлы инвестицилық ахуалын қамтамасыз ету туралы ақпарат берді.

Атап айтсақ, стратегия шеңберінде 2015 жылға дейін 30 млрд. АҚШ доллары шамасындағы сомаға 80 ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда. Жаңадан 1700 шақырым жаңа темір жол салынып, 2100 шақырым қолданыстағы желілер электрлендіріледі, 50 мың шақырым шамасында автомобиль жолдары салынады және қайта салынады, әуежай инфрақұрылымын қайта салу және модернизациялау, ұлттық теңіз сауда флотын және теңіз порттары инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізіледі.

Үш жылға жуық мерзімде 56 көліктік жобалар басталды.

Автомобиль жолдары саласында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде әлемдік стандарттарға сәйкес халықаралық маңызы бар 900 км автомобиль жолдары салынады және қайта салынады. Бүгінгі таңда 4 концессиялық автомобиль жолдары жобалары бойынша конкурс жарияланды, әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Қазақстан Республикасы аумағынан өтетін алты халықаралық транзиттік дәліздер учаскелерін қайты салу жұмыстары жалғасуда. Каспий аймағында Астрахань - Атырау - Ақтау - Түрікменстан шекарасы (Е 40) транзиттік дәлізін қайта салу жұмыстары жүргізілуде. 2007 жылы Өзбекстан Республикасы аумағына шығатын Бейнеу - Ақжігіт учаскесін қайта салу және Қиғаш өзені арқылы өтетін көпір өткелін салу аяқталды. Үстіміздегі жылы халықаралық қаржы институттары займдарын тарту есебінен "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жобасын іске асыруға кірісеміз. 30 наурызда Еуропа және Азия даму банктерімен жалпы сомасы 520 млн. АҚШ доллар көлемінде займ жөнінде бірінші келісім-шартқа қол қойылды.

Транзиттік дәліздердің тартымдылығын күшейту және үлкен жылдамдықты магистральдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еуропалық үлгідегі интеллектуалды көліктік жүйелерін еңгізу жұмыстары басталды.

Темір жолда ұлттық көлік жүйесін жоспарлы дамыту жүргізілуде. Ақсу - Дегелең, Алтынсарин - Хромтау және Шар - Өскемен жаңа темір жол учаскелерін салу Шығыс - Батыс бағытында 1 000 шақырым және Солтүстік - Оңтүстік бағытында 300 шақырым қашықтыққа қысқарып, жол уақытын екі бағытта да 20 сағатқа қысқартуға мүмкіндік туғызды. Үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанында Қытаймен темір жол өтпелінің екінші шекаралық пунктін ашуға мүмкіндік беретін ұзақтығы 280 км Қорғас - Жетіген темір жол желісі құрылысы басталады. Сәуірдің бірінші жартысынан ұзақтығы 14,4 шақырым Ералиев - Құрық темір жол желісінің құрылысы басталады. Төртінші тоқсанда, бюджеттің қаржы есебінен Өзен - Берекет - Горган (Қазақстан - Түркменстан - Иран) жаңа темір жолының ұзындығы 138 шақырымдық учаскесінің құрылысы басталады. Болашақта (2011-2013 жылдары) Бейнеу - Жезқазған жаңа темір жол құрылысы жоспарлануда. Жобаға Жезқазған - Сексеуіл және Бейнеу - Шалқар жаңа темір жол бөлігінің құрылыстары кіреді.

Көлік дәліздерін қалыптастыру барысында порт инфрақұрылымдарын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 2006 жылдан бастап Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жобасы іске асырылуда. Бұл порттың өткізу қабілетін еке есе, жылына 11,5 млн. тоннадан 23 млн. тоннаға дейін көбейтуге мүмкіндік береді. Баутино және Құрық порттарын қайта салу 2015 жылға таман жүк тасуды жылына 5 және 20 млн. тоннаға дейін көбейтуге мүмкіндік береді. Жалпы, Каспий порттарын дамыту шаралары мультимодальды тасымалды қамтамасыз етуге және Каспийдегі теңіз тасымалының жалпы көлемін 2012 жылға дейін екі есе өсіруге мүмкіндік туғызады.

Азаматтық авиация саласында жер инфрақұрылым объектілерін модернизациялау және дамыту бағдарламасы іске асырылуда. Бүгінгі таңда 9 әуежай ұшу-қону жолақтары ИКАО-ның халықаралық дәрежесіне сәйкес келеді. 2015 жылға дейінгі мерзімде қалған 10 әуежайдың да ұшу-қону жолақтарын қайта салу жұмыстары жүргізіледі. Қазақстанның аэронавигациялыө жүйесін модернизациялау және әуежайларды арнайы техникамен толық жабдықтау жұмысы да жалғастырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны